«Сәлем, әлем!» телеарнасы – мектеп жасындағы балалардың сан түрлі сұрақтарына жауап іздейтін үлкен зертхана.
6 мен 16 жас аралығындағы аудиторияны қамтитын
«Сәлем, әлем!» телеарнасы танымдық, интеллектуалдық, ойын-сауық, отбасылық, спорттық, мәдени бағдарламаларды қазақ және орыс тілдерінде шығарып, таратады.
Кәсіби педагогтар, психологтар, филологтар мен басқа да түрлі маман иелерінің қатысуымен жасалған арна мазмұны баланың көңілін аулап қана қоймай, таным көкжиегін де кеңейтуге бағытталған.
Жаңа телеарнаның балаларға тарту етер тағы бір сыйы – ол көгілдір экран арқылы республикаға танымал болу мүмкіндігі. Тележұлдыз болу түк те қиын емес.
Бұл мүмкіндік кез келген балада бар. Телеарнаға келіп, кастингтен өткен балалардың әрбірі журналистік қабілетін ұштай алады. Бүгінге дейін біздің бағдарламаларды Астана мен Алматы мектептерінен іріктеліп алынған талантты, дарынды, алғыр деген оқушылар жүргізіп келеді.
«Сәлем, әлем!» телеарнасының жобаларына қатысатын балалар телевизиядағы тәжірибесімен қатар, өзара тіл табысып, достар тауып, ортақ қауымдастық құрып жатады. Бұл да телеарна арқылы балалар қол жеткізіп жатқан үлкен игілік деп білеміз.